03
март
2025
Таушова Айдана Бакытбаевна

1990 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ерназар ауылында дүниеге келген.
2005-2009 жылдары аралығында Тараз «Парасат» колледжінде «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығында оқыған.
2012-2015 жылдары аралығында Шымкент қаласында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығында оқыған.
Еңбек жолын 2011 жылдың сәуір айынан бастап Ерназар ауылы «Жәнібек» балалар бақшасына тәрбиеші қызметінен бастаған.
2014 жылдың қазан айынан бастап сол мекемеде «орыс тілі маманы» қызметіне ауысқан.
2016 жылдың 9 тамызында сол мекемеге меңгеруші қызметіне ауысқан.
2023 жылдың 11 қазанында ауыстыру тәртібімен «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «Айгөлек» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі болып тағайындалды.
2023 жылдың 11 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№51 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгерушісі қызметін атқаруда.