28
июль
2025
Ата-ананың төлемақысының мөлшерін бекіту тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізілді!






Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі №147 қаулысына, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 24 шілдедегі №2171 шығыс хатына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «№51 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тәрбиеленушілерінің тамақтануына төленетін төлемақының мөлшері 2025 жылдың 1 тамызынан бастап 14000 (он төрт мың) теңге болып бекітілді.
Бөбекжай-бақшаның меңгерушісі Таушова Айдана Бакытбаевна ата-аналармен жасалған келісім шартқа 2025 жылдың тамызынан бастап өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қосымша келісім жасалатынын мәлімдеді.
Меңгеруші Таушова Айдана Бакытбаевна мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілерді ыстық тамақпен қамтуға байланысты тиісті құжаттарды әзірлеуге және жүргізуге жауапты болуды әдіскер Таласпекова Салтанат Аскаровнаға жүктеді.
Бұйрықтың толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету, өзгерістер мен толықтырулар бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді «Ботақан», «Гүлдер», «Қарлығаш» топтарының тәрбиешілеріне міндеттеді.
"Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығының 3,4-параграфына сәйкес, ұйымдастырылған ұжымдарға қызмет көрсететін және дайындайтын қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ өнімдерін өндіру жағдайларына қойылатын талаптарды, білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде, балаларды сауықтыру және санаторий объектілерінде ұйымдастырылған ұжымдарға қызмет көрсететін және дайындайтын қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақ өнімдерін өндіру жағдайларына қойылатын талаптарды орындау үшін мектепке дейінгі ұйымда тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераждық комиссияға тапсырды.
"Қоғамдық тамақтану объектiлерiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына 8-қосымшасына сәйкес балалардың жас ерекшелігіне байланысты (граммен) порциялардың массасын сақтауды бөбекжай-бақшаның аспаздары мен топ тәрбиешілеріне жүктеді.